Британның «Financial Times» басылымы кешегі хабарында, Жапония жоғалған F-35 жауынгерлік ұшағын табу үшін, ғылыми зерттеуге арналып озық технологиямен жасалған "Кайми" кемесін аттанысқа келтіргенін жазды. Теңізде жоғалған ұшақты табу үшін Ресей мен Қытай да барлық мүмкіндіктерін салуда. Не үшін державалар бар күшін салып F-35 ұшағын жарыса іздестіруде?
Жапонияның Мәдениет министрлігі Ғылым департаментіне қарасты «Кайми» атты зерттеу кемесі теңізге шыққанынан үш жыл ғана болған. Алайда, ол су үсті барлау және ғылыми зерттеу жұмыстарында табысты нәтижелер көрсетіп келген. Қазір аталған кеме АҚШ пен Жапонияның әскери кемелерінің қатарында 9 сәуірде жоғалып кеткен F-35 жауынгерлік ұшағын іздестіруге кірісті.
"Кайми" кемесі теңіздегі ғылыми зерттеу жұмыстары үшін ең озық технологияларды пайдаланып отырып жасалған. Су астын барлау үшін 3 мың метр тереңдікке дейін барлауға қабылетті, дыбыс толқыны детектормен, магнетометр және адамсыз суасты қайықтарымен жабдықталған. Болжамдарға сәйкес, F-35 жауынгерлік ұшағының қалдықтары 1500 метр су астында болуы мүмкін. Бұндай тереңдікті барлау «Кайми» кемесі үшін қиынға соқпайды.
Жапонның қорғаныс уәрі Такеши Ивеа кеше түстен бұрын жасаған мәлімдемесінде: «Жапонияның Қорғаныс министрлігі мен Теңіз күштерінің өтінішіне орай, Жапония Теңіз және құрлық ғылым зерттеу орталығы «Кайми» кемесін іздестіру жұмыстарына қолдау көрсету үшін теңізге шығарды», – деді.
Жоғалған жауынгерлік ұшағының қалдықтарын табуға Ресей мен Қытай да бар күшін салуда. Себебі, F-35 жауынгерлік ұшағы өзге елдерге құпия технологияларды қолдана отырып жасалған. Қазіргі кезде әуе күштері арасындағы ең озық соғыс ұшағы саналады. Оның ұшу қарқынына тек ресейлік СУ-35 және Су-57 ұшақтары ғана тең келе алады. Бірақ, әуедегі қозғалыс және жауынгерлік қабілеті жағынан F-35 теңдессіз әуе жауынгері деген атқа ие. АҚШ және оның одақтастары үшін бұл ұшақтың бөлшектерін қарсыластарың тауып алуы орны толмас шығынға пара-пар.
Бұған дейін, Қытай хакерлік шабуылдар арқылы F-35 ұшағына қатысты бірқатар құпия материалдарды қолға түсіргені туралы айтылған. Егер, жоғалған ұшақтың қалдықтарын Қытай немесе Ресей күштері тауып алса, бұл әлемдегі әуе күштерінің теңгерімін өзгертуі мүмкін. Қытай мен Ресей бірлесе отырып, қазір де жауынгерлік қуаты жоғары ұшақтарын тіпті де кемелдендірмек. Бұл АҚШ пен оның одақтастарына қысым түсіреді.