Беларусь үкіметі Ресейден тасымалданатын мұнайдың сапасыз екендігін айтты. Бұл туралы Politico хабарлады.
Беларусь «Белнефтехим» концернінің өкілі Марина Костюченко ресейлік Urals экспорттық қоспасының сапасы сын көтермейтіндігін айтып, шағымданды. Әсіресе, «Гомельтранснефть Дружба» магистральды мұнай құбыры учаскесіне транзитпен келіп түсетін мұнайдың нашарлауы Беларусь үкіметіне қаржылық қиындықтар туғызып отыр. Мәліметтер бойынша, қоспаның құрамында ол мұнай өңдеу зауыттары жұмысының технологиялық режимін бұзатын хлорлы органикалық қосылыстар бар.
Мұнай үлгілері «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ зертханасымен Белоруссиядағы ресейлік компания өкілінің қатысуымен зерттелген. Осыған байланысты Белоруссия «Транснефть» АҚ өкілдеріне шағым түсіріп, ресейлік мқнайды пайдаланып отырған өзге де мемлекеттерге ескерту жасаған.
Осы уақытқа дейін Беларусь Ресейден мұнай өнімдерін сатып алып, экспорттап келген. Енді Ресей өзіне қауіп болған экономикалық дағдарысты еңсеру үшін, мұнай бағасын өсіру туралы шешім шығарды. Яғни Мәскеу тарапы 2024 жылы Беларусь импорттайтын мұнайға баж салығын салатынын айтты. Осы мәлімдемеден кейін Минск пен Мәскеу қатынасына сызат түсе бастады.
12 сәуірде Беларусь вице-премьері Игорь Петришенко президент Александр Лукашенкоға Беларусь аумағы арқылы өтетін Ресейдің «Дружба» мұнай құбырына шектеу қоюды ұсынды. Петришенконың сөзінше, мұнай құбыры осыдан жарты жыл бұрын жөндеу жұмыстарынан өтуі тиіс болған. Бірақ ол уақытта әріптестік жөніндегі келісімге сәйкес ол кейінге қалдырылған. Қазіргі таңда экологиялық мәселелерге байланысты құбырға шектеу қою қажет немесе мұнай тасымалын тоқтату керек.
Сонымен қатар, Александр Лукашенко жергілікті ақпарат құралдарына сұхбат беріп: «Егер де Мәскеу қара алтын бағасын қымбаттатса, Минск ірі көлемде өтемақы талап етеді. Қазір Ресейдің жақын одақтасынан айырылу қаупі бар және осыны пайдаланып Беларусьті өзіне қосамын деп ойламасын», – деген болатын. Минсктің шағымына қатысты Мәскеу ресми мәлімдеме жасаған жоқ.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді