Беларусьте мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетін болды.
Сәуір айының 19-ы күні президент Александр Лукашенко Ұлттық кеңес пен халыққа жасаған жолдауында биыл парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді.
«Президент сайлауы заң бойынша Конституцияда көрсетілген уақытта өтеді. Үгіт-настихат жұмыстары бұрынғыдай ұйымдасқан түрде тыныш әрі бейбіт өтеді. Биыл Өкілдер палатасы мен Республика кеңесінің сайлауы болады. Бұл сынақ үміткерлерге ғана емес, жалпы билік тармағына және сайлаушыларға үлкен емтихан» - деді Лукашенко.
Бірақ Беларусь президенті әзірге сайлау уақыты белгіленбегенін айтып, өз ұсынысын жасады.
«7-ші қазанда (Қазан төңкерісі күні) өте тамаша мейрем бар. Менің ойымша, дәл осы күн ыңғайлы. Сайлау күнін барлық идеологиялық астарларды сырып тастап, осы күнге жақын уақытқа белгілейік» - деді ол.
Заң бойынша Беларусь парламенті мен президентінің өкілеттік мерзімі 2020 жылы аяқталады. Ел Конституциясында екі сайлауды қатар өткізуге ешқандай тыйым салынбаған. Бірақ Беларусьте Қазақстандағыдай «еш уақытта, еш бір сайлау президент сайлауымен қатар бір жылда өтпеуі керек» деген дәстүр қалыптасқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды