Құрама Штаттың «Станисс» ұшақ тасымалдаушы кемесінің жауынгерлік тобы мен Францияның Шарль де Голль тасымалдаушы кемесінің әскери тобы дүйсенбі күні Қызыл теңізде PASSEX бірлескен су үсті әскери жаттығуларын өткізді.

Теңіз әскери жаттығуына екі елдің ұшақ тасымалдаушы кемелерімен қатар, басқарылмалы зымыран қондырғылы жойғыш кемелері, шарлаушы және шабуылшы кемелері де қатысқан. Аталған жаттығуда АҚШ пен Франция теңіз күштері су үстінде ұшақ тасымалдау, ұшақтардың рейс алмастыруы, түнді артиллериялық шабуыл және шабуылдан қорғану, сондай-ақ, информация алмасу қатарлы жаттығу түрлерін өткізген.

АҚШ-тың «Станисс» ұшақ тасымалдаушы келесінің жауынгерлік тобы Жерорта теңізі мен Тынық мұхитында әскери операцияларды орындайтын 5-ші флотына қарасты. Бұл кемелер тобы Үнді мұхитының солтүстігі, Араб, Оман шығанақтары, Қызыл теңіз және Ормуз бен Суэц секілді халықаралық маңызды су жолдарында шарлау жүргізіп, жалпы көлемі 6,5 млн шаршы шақырымдық теңіз аумағында әрекет етеді.

“The Qazaq Times”