Жапонияның оңтүстігіндегі шағын аралдарды қамтыған жаттығу аймағында жапон, америкалық және француз жауынгерлері бірлескен жаттығуын өткізуде. Сенбіде жаттығу ең қарқынды түрде өтті. Үш елдің бірлескен жаттығуы Жапонияның алыс аралдарын жау күштері басып алу қатеріне қарсы күрес мүмкіндігін арттыру мақсатында өткізілуде.

Үш ірі елдің ортақ жаттығу өткізуіне Қытайдың аймақтағы әскери белсенділігі себеп болғанын бұған дейін де айтқан едік. Қуатты теңіз күштеріне ие бола бастаған Қытай Халық-азаттық армиясы Шығыс және Оңүстік қытай теңізіне шектесетін елдердің қауіпсіздігі мен ұлттық мүддесіне қатер төндіруде.

Сенбі күні үш елдің оннан астам кемесі қатысып жатқан жаттығуға қосылды. Бұл Шығыс Қытай теңізіндегі бірлескен жаттығудың сипаты мен салмағын тіпті де салмақты ете түсті. Сарапшылар аталған жаттығу өз кезегінде Қытайдың аймақтағы ықтимал қатеріне қарсы тосқауыл саналғанымен, бұл Тайуан мен Қытайды қамтыған өңірдегі шиеленісті тіпті де арттыра түскенін айтуда.

Қытайдың әскери қатерінің арта түсуі Жапония үшін бір есепте қауіпті болғанымен, енді бір жағынан 100 жылдық шектеуі бар әскери қуатын арттырып алуға орай тудырды. Қытай қатеріне алға тарта отырып Жапония өзінің әскери күштерін кеңейтуді көздеп отыр. Тіпті, бұл Жапонияға Фарнция, Британия секілді батыстық теңіз державаларымен су үсті соғыстарында тәжірибе алмасуға да үлкен мүмкіндік берді.

Екінші дүниежүзілік соғысында тізе бүгіп, жаңа шарттарға қол қойған Жапония өзін қорғау күштеріне ғана ие ел ретінде саналды. Тіпті, өзін қорғау күштерінің де қарулы күш қолдануына шектеу қоятын жаңа Конституция қабылданды. Дегенмен, соңғы жылдары Жапония әскери қуаты мен бюджетін жыл сайын арттырып келеді.

“The Qazaq Times”