Ақ үйдің Баспасөз қызметі президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі арнайы кеңесшісі Болтонның мәлімдемесін жария етті. Мәлімдемеде, АҚШ ұшақ тасымалдаушы кемелерінің шабуыл тобы мен бомбалаушы ұшақтардың арнайы тобы Иранға қарсы айқын ескерту жасайтыны айтылған.
Болтон жексенбі күнгі мәлімдемесінде, АҚШ пен оның одақтастарының мүддесіне қауіп төндіретін кез-келген әрекет қарулы армияның әрекетіне тап болатынын ескерткен. Ол және Америка Құрама Штаттарының Теңіз әскери қолбасшылық Бас шабы, Иран тарабынан болған қарсылықтар мен кейбір қауіпсіздікке төнген қатерлерге жауап ретінде «Линкольн» ұшақ тасымалдаушы кемесінің шабуыл тобын және бомбалаушы ұшақтардың арнайы тобын арнайы дайындыққа қойған.
Болтон сөзінде, АҚШ әскери күштері Иран режиміне қарсы шабуыл жасауды жоспарламайды. Алайда, Иранның Сақшылар корпусы немесе қарулы күштерінің қандай да бір шабуыл әрекеттері жауапсыз қалмайтынын айтқан.
Соңғы кездері, Трамптың Иран мұнай экспортын шектеу туралы жаңа шешімі, екі ел қайшылығын тіпті де асқындырып жіберді. Иран тарабы да арт-артынан ескерту жасап, Шығанақ маңында соғыс болса ешкім аман қалмайтынын айтты.