Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы сапарында өзін насихаттауға қарсы екендігін айтты.
Маңғыстау облысының қоғам өкілдерімен кездесу барысында ол: «Ақтауда менің суретім салынған 14 билборд орнатылғанын хабарлады маған. Мұны мүлдем орынсыз деп санаймын, маған ондай насихаттың керегі жоқ. Ондай әкімшілік пысықайлық не керек?» – деді.
Оның айтуынша, билбордтарды «Елбасы бастаған мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек». Өз сөзінде ол: «Бұл менің барлық әкімдерген беретін нұсқауым», – деді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетіндігін мәлімдеген болатын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында президент сайлауы бір-ақ рет (2005 жылы) уақытында өткен. Қалған уақыттардың барлығында мерзімінен бұрын болған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді