Кеше, 27 ақпан Испанияның Барселона қаласында «2017 – Ұялы байланыс конференциясы» шымылдығын ашты. Жаңа технологияны, ұялы байланысты адамзат қоғамының дамуына қызмет еттіру мақсатында өткен конференцияға, әлемнің 100-ден аса елдері мен аймақтарынан келген 2000-нан аса экспонат көрмеге қойылып, 10000-ға тарта ұялы байланыс саласының мамандары қатысты. Биылғы конференция «Жаңа элемент және іс адамның ырқында» деген атпен өтпек.
Конференцияны ұйымдастырушы Әлемдік Ұялы байланыс қауымдастығының айтысына қарағанда, 4 күндік конференция барысында 100 реттен астам өнеркәсіптік кәсіби форумын жасамақ. Сонымен бірге, қосымшаларды өндірушілер форумы, өнімдер мен қызметтерді тарату және басқа да толып жатқан іс-шаралар күн тәртіпте тұр. Келесі ұрпақ ұялы телефондар айналасындағы, 5G өнімдерінің екі негізгі тақырыбы сынды толып жатқан тақырыптарды көтерген конференцияның басты мақсаты – ұялы байланыс және жаңа технологиялардың адамзатқа сапалық қызмет етуін қадағалау болды.
Әлемдік Ұялы байланыс қауымдастығы конференцияның ашылу салтында, «Информация шоғыры (Big Data) адамзат қоғамына қызмет етуі керек» деген бастама көтерді. Айтпағы, жаңа технологиялар арқылы топтасқан мәліметтер адамзат парасатына парасат қосып, болашақ жаңа қоғамдарға бастау, адамзат қоғамын басқару эпидемиядан, табиғи апаттардан және өзге де қоғамдық дағдарыстардан алып шығу сынды қызметтерге бағыттау. Бұл жаңа технологиялар арқылы қоғамдық ағартудың жаңа формасын жасауды түпкі мақсаты етіп отыр.
Конференцияда талқыланған жобалар осы жылдың маусымынан бастап, Бангладеш, Бразилия, Үндістан, Мьянма және Таиланд қатары елдерде жүзеге асырыла бастайды. Бұл конференцияға БҰҰ кеңесі барынша қолдау білдіріп отыр.
“The Qazaq Times”