Дүниежүзілік экономика өсімі бәсеңдейді.
Халықаралық валюта қоры 2019 жылғы әлемдік ЖІӨ өсімінің төмендеуі мемлекеттердің қаржылық реформасы мен сыртқы байланыстағы келеңсіздіктерге қатысты деп мәлімдеді.
ХВҚ сәуірдегі «Әлемдік экономиканың перспективалары» атты шолуында әлем елдерінің 70%-ң экономикасы соңғы онжылдықта ең төменгі көрсеткішке яғни 3,3%-ға түсетіндігін атап өткен. Дегенмен 2020 жылы өсім бұрын жасалған болжамға сәйкес 3,6% болуы тиіс.
Ұлыбритания және өзге де Еуропа елдерінің ЖІӨ өсімі 0,3%, ал АҚШ-та 0,1%-ға төмендейді. Әлемдік өсімнің бәсеңдеуіне әкеп соқтыратын басты себептердің бірі Қытай экономикасының құлдырауы мен халықаралық сауда саясатындағы жағдайдың шиеленісуі. Сонымен қатар, Британияның «Brexit» жоспары да басты себептердің қатарында. «Morgan Stanley» америкалық банк холдингінің мәліметінше, Қытайдағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші екінші тоқсанда бәсеңдейді. Елдің сыртқы және ішкі нарықтағы қаржысы тұрақталмағандықтан, банктер арқылы келеді деген қыруар қаражаттың есебі теріс көрсеткішке жеткен. Ресми статистикалық мәліметтеріне қарағанда, қарашада сату мөлшері 8,1%-ға өскен. Ал бұл 2003 жылдан бергі ең төменгі өсім көрсеткіш. Сарапшы мамандар АҚШ-пен сауда соғысынан кейін Қытайдың экономикалық өсімі 5,5%-ға төмендейді деп болжаған. Былтыр өсім 6,6% деңгейіне жетіп, соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш қатарына енді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы