Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров маусым айының 9-ы күні болатын президент сайлауына үміткерлерді ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде аяқталатынын айтты. Петровтың сөзінше, Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу барлық заңдарға сәйкес жарияланған.
«Кандидаттардың сайлау жарнасы 2 миллион 125 мың теңгені құрайды. Аталмыш қаржы үміткер жеңіске жеткен жағдайда немесе сайлаушылардың 5 пайыз дауысын жинаған жағдайда қайтарылады» - деп мәлімдеді Петров.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтетіндігі жөнінде кеше мәлімдеген. Тәуелсіз Қазақстан тарихында президент сайлауы бір-ақ рет (2005 жылы) уақытында өткен. Қалған уақыттардың барлығында мерзімінен бұрын болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?