Президенттікке үміткер Владимир Зеленский Украинаның қазіргі басшысы Петр Порошенконың ұсынысын қабылдамады.
Сәуір айының 8-і күні Владимир Зеленский өзінің Facebook парақшасына видео үндеу жариялады. Онда ол Петр Порошенкомен болатын теледебаттың 19-шы сәуір күні Киев қаласындағы «Олимпиский» стадионында өтетіндігін айтты. Бұған дейін Порошенко Зеленскийге теледебатты сәуір айының 14-і күні өткізуді ұсынған.
Бұдан бөлек Зеленский өз жақтастарынан Порошенкоға қоятын сұрақтарды дайындауға көмек сұрады.
«Украина халқының соңғы 5 жылда Порошенкоға қоя алмай кеткен сұрақтары бар деп ойлаймын. Мен сіздердің аттарыңыздан сол сұрақтарды қоюға дайынмын. Сол себепті сіздерді толғандыратын сұрақтарды (Facebook парақшама-ред) пікір ретінде қалдыруларыңызда сұраймын» - деді Зеленский.
Естеріңізге салайық, Украинада президент сайлауының бірінші туры наурыз айының 31-і күні өткен. Онда сайлау қорытындысы бойынша, Владимир Зеленский 30,22%, Петр Порошенко 15,93% дауыс жинап, екінші турға өткен. Сайлаудың екінші туры сәуір айының 21-і күні өтеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?