Брунейде шариғатқа негіздеген заң кешеден бастап ресми атқарылуға берілді. Жаңа заң бойынша бір-бірінің көзіне шөп салған жұбайлар және гомосексуалдық байланыстарға барғандар шариғатқа ұқсас өлім жазасы берілсе, ұрлық істегендердің қолы шабылмақ. Алайда, бұл құқықтық реформа БҰҰ мен бірқатар Батыс елдерінің айыптауына ұшырады.
Бруней шариғатқа сай заң шығарған Оңтүстік Шығыс Азиядағы алғашқы ел болып қалды. Тіпті, кейбір елдердің басылымдары Брунейді «азиялық Сауд Арабия» деп атай бастаған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Брунейді бұл реформаны өзгертуге шақырды. Егер заң өз күшінде қалса, онда БҰҰ тарабы брунейлік компанияларға шектеу жарияламақ.
Негізі, бұндай заң аталған елде 2014 жылы қабылдана бастаған. Бірақ, ресми атқаруға беруді кешіктіріп келген. Оны жасаушы және қолдаушысы сол елдің басшысы – сұлтан Хассанал Болкиах. Брунейдің бұл заңдық реформасын батыстық танымал тұлғалар айыптап шықты. Олар өз елдерін Брунеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуге шақыруда. Олардың арасында әлемге танымал кино мен эстрада жұлдыздары көбірек.
Бұл заңның атқарылуына көбірек күш салған Бруней басшысы сұлтан Хассанал Болкиах – әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Оның жүзеге асырған заңы бойынша бір-бірінің көзіне шөп салған жұбайлар немесе гомосексуалдық қатынастарға барғандарды өлім жазасы күтіп тұр. Жеңілдетілген күннің өзінде зынданға тасталады немесе аяғы шабылады. Ұрлық жасаушының қолы кесіледі. Кез-келген қылмыс күмәндісіне айып тағу үшін кемінде төрт мұсылман куәлік етуі шарт. Бұл елде гомосексуализм бұған дейін де заң бұзу есептелген. Алайда, тек абақтыға қамау жазасын беріп келген.