АҚШ теңіз флоты мен Бруней Корольдік теңіз флоты өткен аптада Оңтүстік Қытай теңізінде бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізді. Сондай-ақ, бұл жаттығуды «Кала» бірлескен теңіз соғыс дайындығы мен жаттығуы» деп атады. Жаттығуға екі елдің теңіз флотына қарасты жылдам қозғалатын барлау кемелері және P-8A Poseidon теңіз патрульдік ұшағын қамтыған әскери техникалары тартылды.

Бруней Оңтүстік Қытай теңізінде территориялық дау-дамайда бәсі бар 6 мемлекеттің бірі. Өзге даугерлер қатарына Тайуан (Тайвань), Қытай, Малайзия, Филиппин және Вьетнам кіреді.

АҚШ теңіз күштерінің Үнді-Тынық мұхит қолбасшылық бас штабы таратқан мәліметке қарағанда, кезекті жаттығу екі ел кемелерін соғыс жағдайында су үстінде орналастыру, теңіз айдынындағы патрульдік ұшақтар мен бақылау және қорғану аппараттарының мүмкіндігін арттыру, сондай-ақ, бірлесе шабуылдау және әуе шабуылдарына жауап беру мақсаттарында өткен.

Құрама Штаттар мен Бруней теңіз қорғаныс ынтымақтастығында 40 жылдық сенімді серіктер. АҚШ қорғаныс өкілдері теңіз қауіпсіздігі мен өңір тұрақтылығы үшін Бруней теңіз күштерімен бірлесе жұмыс істейтінін айтқан.

«Кала теңіз жаттығуынан» тыс, басқа да екі жақты және ауыспалы теңіз жаттығуларына қатысады. Айталық, «17-ші кезекті Оңтүстік Шығыс жаттығуы», «26-ш кезекті Тынық мұхит әскери оқу-жаттығуы».   Ал, тамыз айында АҚШ пен Бруней алғаш рет екіжақты әскери жаттығу өткізген еді.

“The Qazaq Times”