Ұлыбританияда Brexit-ті жою туралы петиция жарияланды.
«Financial times» мәліметінше, петицияға 31 наурызда 6 миллион қол жиналған. Осыған байланысты 1 сәуірде парламентте талқылау өтеді.
Brexit жоспары дау туғызғалы бері, 20 ақпаннан бастап Парламент петиция жариялаған. 18 наурызда ол үкіметтің реакциясы үшін қажетті 10 мың қол жиналса, 20 наурызға қарай олардың саны 100 мыңнан асты. Наразылық білдірген халық Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы шешімнің парламентте қайта қаралуын талап етті.
Өткен аптада Еуроодақ құрамынан шығу туралы келісімге 286 депутат қолдау білдірсе, 344 депутат қарсы дауыс берген. Енді Біріккен Корольдіктің 12 сәуірде Еуропалық Одақтан жоспарсыз шығуы екіталай. Британия саясатындағы келеңсіз жайттарды ескере отырып, ЕО кеңесшісі Дональд Туск 10 сәуірде кезексіз саммит өткізетін болды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды