Кеше Қазақстан СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов Бейжіңде Қытай сыртқы істер министрі Уаң Имен келіссөз өткізді. Келіссөз барысында екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары сауда-экономикалық және мәдени-әлеуметтік салалардағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Атамқұлов кездесуде Қазақстанның ішкі саяси өзгерістері елдің сыртқа қаратқан саясатына әсер етпейтінін, Қытаймен бұған дейінгі қарым-қатынасты жалғасты сақтап, әрі оны дамытатынын жеткізген.
Екі елдің ресми өкілдері келіссөз кезінде Қытайда тұратын қазақтардың мәселесі туралы да талқылаған. Бұл ретте екі елдің Сыртқы істер министрліктері туындаған және туындауы мүмкін мәселелерді шешуге өзара мүмкіндіктер бермек. Нақты қандай мүмкіндіктермен алмасатыны туралы ҚР СІМ тарабы анық мәлімет бермеген. Дегенмен, бұл Қытай қазақтарының мәселесін шешудегі жаңа мүмкіндік деуге болады. Сондай-ақ, консулдық қызметтердің өнімділігін тіпті де жоғарлата түсуге келіскен.
Кездесудің қортындысы ретінде Қазақстан-Қытай сыртқы саяси ведомстволары 2020-2022 жылдарға арналған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойысты.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі