Украина президенті Петр Порошенко Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі мүмкін екендігін айтты.
Наурыз айының 27-і күні Петр Порошенко Украина-Ресей қарым-қатынасына қатысты мәлімдеме жасады. Ол онда Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізуі мүмкін екендігін айтты. Порошенконың сөзінше, Ресеймен «негізгі мәселелерді» талқылауда келіссөздер Украинаның халықаралық әріптестерінің қатысуымен өтуі тиіс.
«Екіжақтық келіссөздер бола ма? Әрине, біз тәуелсіз мемлекетпіз» - деді Порошенко.
Бұған дейін Петр Порошенко алда келе жатқан президент сайлауындағы жалғыз қарсыласы Владимир Путин екендігін айтқан.
«Украинаны әлсірететін дүниенің барлығы Путинді күшейтеді. Біздің бүгінгі таңдауымыз – Украина немесе Ресей» - деп мәлімдеді Порошенко.
Бұдан бөлек ол Ресей алда келе жатқан президент сайлауына кедергі келтіру жоспарын әзірлеп жатқандығын айтқан.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды