Америка киноакадемиясының кезекті "Оскар" жүлдесінің марапаттау салтанаты болып өтті. Назарларыңызға әзірге белгілі болған жеңімпаздар мен үздік танылған картиналардың тізімін ұсынамыз. 

 

Екінші пландағы үздік актер: Махершала Али - "Ай сәулесі"

Үздік грим және шаш үлгісі: "Өлімге бәс тіккендер жасағы" - Alessandro Bertolazzi, Giorgio Gregorini and Christopher Nelson

Үздік костюм дизайны: "Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табамыз" - Коллин Этвуд

Үздік деректі фильм (толықметраж): "О. Джей: Америкада жасалған" (O.J.: Made in America)

Үздік дыбыс монтажы (sound editing): "Келу" - Sylvain Bellemare

Үздік дыбыс үйлесімі (sound mixing): "Жонарқам қажалғанша" - Kevin O'Connell, Andy Wright, Robert Mackenzie, Peter Grace

Екінші пландағы үздік актриса: Виола Дэвис - "Дуал" (Fences)

Шет тіліндегі үздік фильм: "Саудагер" (The Salesman) - Иран

Үздік анимациялық фильм (қысқаметраж): "Құмдауық" (Piper)

Үздік анимациялық фильм (толықметраж): "Зоотопия"

Үздік қоюшы-суретші: "Ла-Ла Ленд" - Дэвид Уоско

Үздік визуал эффектілер: "Джунгли кітабы" - Robert Legato, Adam Valdez, Andrew R. Jones, Dan Lemmon

Үздік монтаж: "Жонарқам қажалғанша" - Джон Гилберт

Үздік деректі фильм (қысқаметраж): "Ақ шлемдер" (The White Helmets)

Үздік қысқаметраж фильм (актерлер ойнайтын): "Ән сал" (Sing)

Үздік оператор: Линус Сандгрен - "Ла-Ла Ленд"

Үздік композитор: Джастин Гурвиц - "Ла-Ла Ленд"

Үздік ән: "City of Stars" - Ла-Ла Ленд

Үздік түпнұсқа сценарий: "Теңіз жағасындағы Манчестер" (Manchester by the Sea) - Кеннет Лонерган

Үздік бейімделген сценарий: "Ай сәулесі" - Барри Дженкинс

Үздік режиссер: Дэмьен Шазелл - "Ла-Ла Ленд"

Үздік актер: Кейси Аффлек - "Теңіз жағасындағы Манчестер" (Manchester by the Sea)

Үздік актриса: Эмма Стоун - "Ла-Ла Ленд"

Үздік фильм: "Ай сәулесі"