Алматы әкімдігі Трамптың танысын сотқа берді.
АҚШ соты бизнесмен Феликс Сатердің үстінен жазылған Алматы әкімдігі мен «БТА Банк» арызын қарауға кірісті. Арызданушы тараптың уәжі бойынша, Сатер Мұхтар Әбілязов пен Ильяс Храпуновқа 440 миллион доллар қаржыны заңдастыруға көмектескен және осы қызметі үшін 40 миллион доллар алған.
Бұдан бөлек арызданушы тарап Феликс Сатердің Дональд Трамп президент болғанға дейін онымен істес болғандығын және Ильяс Храпуновпен таныстырғандығын, Ильяс Храпунов пен Дональд Трамп екеуі қаржылық жұмыстарға байланысты бірнеше мәрте кездескендігін алға тартуда. Бірақ арызда Дональд Трамптың дәл сол уақытта қаржының қандай жолмен келгенін білмегендігі жөнінде айтылған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?