Қазақстанда жемқорлық жасағандардың тізімі жариялануы тиіс. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» бірлестігі хабарлады.
«Жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелерімен айналысатын бірлестік мүшелері Қазақстан президентіне жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды. «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры: «Қазіргі уақытта президент әкімшілігі ұсыныстың техникалық мәселелерін қарастырып жатыр», – деп мәлімдеді. Бірлестіктің ойынша, «жемқорлар» тізіміне енген қызметкерлер екінші мәрте парақорлыққа бармайды.
Аталған ұсыныстан бөлек, мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда пара алып сотталғандардың тізімін жасайтынын айтқан. Агенттік қоғам мүшелерінің ұсынысын мақұл көріп, азаматтар тарапынан да бақылауды күшейту үшін тізім жасау туралы сауал тастады.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды