Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік бағасы артты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның бес аймағында күнкөріс деңгейі жалпыреспубликалық деңгейден асқан. Мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысында – 23,3%, Астанада – 13,5%, Алматыда – 11,4%, Алматы облысында – 1,6%, ШҚО-да – 1,1% шамасында. Ақпанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 27,1 мың теңге болды. Бұл былтырғы күнкөріс деңгейімен салыстырғанда 4,2%-ға көп.
2017 жылы Біріккен ұлттар ұйымының стандарты бойынша Қазақстанда кедейшілік деңгейі 19%-ды құраған. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун: «Дамушы елдерде кедейлерді анықтау көрсеткіші 1,25 доллар. Бұл бір адамның күнделікті кірісі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы кедейлік деңгейі 1%-дан төмен. Дегенмен Қазақстан үшін кедейлік деңгейі шамамен 5 доллармен есептеледі (кедейлік деңгейін анықтау бойынша БҰҰ ұсынған стандартқа сәйкес, бір күндік күнкөріс деңгейі). Мұндай жағдайда көрсеткіш 19%-ды құрайды», – дейді. Сарапшының сөзінше, көрсеткіштің бұлай жоғары болуына девальвация салдарынан болған тұрақсыз сауда әсер еткен.
Елде күнкөріс деңгейімен қатар азық-түлік бағасы да арып келеді. Мәселен, ақпанда тауарлардың бағасы 4,8%-ға дейін қымбаттаған. Егер нарықтағы азық-түлік бағасының бір айдың өзінде сан құбылатынын ескерсек, 27,1 мың теңгенің жеткіліксіз екенін аңғаруға болады.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?