Виктор Пухов дәрігерлік көмекке жүгінген кезде, одан алкогольдің иісі шығып тұрды, бірақ ол жол-көлік апатына ұшырағанын айтпады деп мәлімдеді дәрігергелік кеңес беру орталығының травматология бөлімінің меңгерушісі Доолосбек Сооронбаев.
Оның сөзінше, тіркеу журналында Пухов медициналық орталыққа түскен кезде мас болғаны жазылған. Пухов сонымен бірге жұмыс істейтін жерін де жасырған.
Осының алдында Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Дарья Пахомова Пуховтың Қырғызстаннан кетіп қалғанын мәлімдеген. Ол сонымен бірге Toyota Land Cruiser Prado көлігінде Пуховтың отырғанын растаған.
Естеріңізге сала кетсек, 16 ақпан күні Бішкектің Фучика мен Васильевский көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алды. Toyota Land Cruiser Prado мен «Мерседес-Спринтер» көліктері соқтығысған. Елшілік көлігі бағдаршамның қызыл белгісіне қарамай өтіп кеткені айтылады. Мерседес көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан азаматы Евгений Лексин ауруханада қайтыс болған. Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі де жанбасы сынған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған.
«The Qazaq Times»