БАҚ өкілдеріне тиісті қызмет көрсетпеген өзбек шенеуніктері жазаланатын болады. Бұл туралы 5 наурызда өткен дөңгелек үстелде Өзбек Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Комил Алламжонов айтты.
"Журналистерге тиісті қызмет көрсетпей, оларға қандай да бір кедергі жасаған шенеуніктер жазаға тартылатын болады", - деді ол.
Сондай- ақ, оның айтуынша, өзбек министрліктері мен ведомстволарының баспасөз қызметі дұрыс жұмыс істемейді.
"Баспасөз хатшысының лауазымы көптеген адамдарды қызықтырмайды.Сол себепті, министрліктер мен ведомстволардағы бос орындар аз емес. Неліктен? Өйткені, басшылар баспасөз қызметімен санаспайды. Ақпараттық саясатты жүзеге асыруда баспасөз хатшылардың рөлі байқалмайды", - деп атап өтті мекеме басшысы.
Сондай-ақ, Комил Алламжонов Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры ретінде, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттеп, оларға «төртінші билік» мәртебесін қайтаруға уәде етті.
Айтқандай, көрші мемлекеттегі жағдай қазақстандық БАҚ өкілдеріне де таңсық емес. Себебі, еліміздегі мемлекеттік органдар мен ведомстволардан уақытылы ақпарат алу қиын. Ресми түрде хат жолдап, жауабын алу үшін кемінде бір апта күту қажет.
Сондай-ақ, айта кету керек, жылдың басында ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі іс-шараларға БАҚ өкілдерін аккредиттеу ережелерін өзгертуге қатысты заң жобасын дайындаған еді. Журналистердің пікірінше, жобаға енгізілетін түзетулер Конституцияға және БАҚ туралы заңға қайшы және сөз бостандығын шектейді. Мәселен, журналистер спикерлерге "ыңғайсыз" сұрақтар қойса, аккредитациядан айырылып қалуы мүмкін.
Сонымен бірге, естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистердің тарифтердің арзандауына қатысты сауалына: «Сіздер мына жерге менен тарифтер жөнінде сұрауға келдіңіздер ме? Маған ресми түрде келіңіздер. Мен сіздерге тарифтер жөнінде басынан аяғына дейін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», - деп жауап берген болатын.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес