Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайының бас директоры Әділ Арын қамауға алынды.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бюджеттен 21 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырған және біраз уақыт көлемінде тауарларды үстеме бағаға сатып келген. Ол бұл істі өзінің қызметкерімен бірге жүзеге асырған. Енді ол екі ай мерзімге яғни 2019 жылдың 26 сәуіріне дейінгі мерзімде қамауда. Оның кінәсі дәлелденген жағдайда 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Бейбітшілік және келісім» сарайы – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын. Ол «Әлемдік және дәстүрлі дінбасылар конгресін» өткізу мақсатында 2006 жылы салынған. Әділ Арын бұған дейін «Қазақфильм» басшысы, Сенат депутатының көмекшісі және астаналық ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы