Бүгін түстен бұрын ҚР СІМ басшысы Б. Атамқұлов Парламент Мәжілісінің үкімет сағатында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі 2 жылдық қызметінен қорытынды баяндамасын жасады.
Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі тұрақты емес мүшелігі 2017 жылы 1 қаңтарда басталып, 2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған болатын.
Парламент Мәжілісінде есеп берген сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов сөзінде: «Қазақстан өз миссиясын аброймен орындады деп нық сеніммен айта аламын», – деді. Ол және Қазақстанның ұстанымы халықаралық қауымдастық жағынан жоғары бағаланғанын, сондай-ақ, ҚР президенті жүктеген 7 түрлі басымдықты толық жүзеге асырғандарын айтты.
Б. Атамқұлов қорытынды баяндамасында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атқарған қызметтері, жеткен жетістіктерінің бәрі де Н.Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларымен толық сәйкес екенін көбірек сөз еткен.
Әрине, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі болып тұрған кезеңінде ҚР СІМ басшылық қызметін Қ. Әбдірахманов өтеп тұрған болатын. Қауіпсіздік кеңестің тұрақты емес мүшелігі ел ретінде Қазақстанның халықаралық беделі мен орыны үшін айтарлықтай маңызды болған. Кей тәуелсіз сарапшылардың пікіріне сенсек, осы екі жыл ішінде үкіметіміз бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмады. Айталық, Қытайдағы қазақ мәселесі, Орта Азия және Орта Шығыс қауіпсіздігі мәселелерінде бұданда елеулі жетістіктерге жетуге мүмкіндіктер бар еді деп қарайды.
Дегенмен, Қазақстан Республикасы аталмыш мүшелікте «ядролық қарусыз әлем» бастамасымен көбірек есте қалғаны анық. Бұл және Н. Назарбаев көтерген «Уран банкі» сынды жобаларға да жәрдем бергені анық.