АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов кездесті.
Мәліметтер бойынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстан халқының негізгі құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде президент Тоқаевтың жақында жасаған мәлімдемесін құптайтынын айтқан. Помпео сөзінде АҚШ пен Қазақстан арасында стратегиялық серіктестікті нығайтуға қолдау көрсетіп, жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты қатынастар әрі қарай дамитытына сенім білдірген. Сондай-ақ ол Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы Қазақстанның қосып жатқан үлесін де атап өткен. Сөз соңында мемлекеттік хатшы Сүриядағы өз азаматтарын Отанына қайтару бойынша Қазақстан билігі атқарған еңбегіне баға беріп, өзге елдермен бұл тәжірибесімен бөлісуге шақырды.
Бұл ресми сапар АҚШ-тың Тәуелсіздік күні және Қазақстанның дипломатиялық қызметі күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Сапар барысында Б.Атамқұловтың Помпеодан бөлек, АҚШ президенті әкімшілігі, Мемлекеттік департамент басшылығы және сарапшылар топтарының өкілдерімен екіжақты кездесуі жоспарланған.
Айта кетейік, бұл Б.Атамқұловтың ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ретінде және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті лауазымына сайланғаннан бергі алғашқы сапары. 2018 жылы бұрынғы президент Н.Назарбаев Уашингтонда Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесу өткізіп, стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылаған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы