Facebook корпорациясы Қытайдағы төрт компания мен үш жеке тұлғаға айып тақты, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Мәліметтер бойынша, қытайлық компаниялар осы уақытқа дейін Linkedln, Amazaon, Twitter, Google, Apple сынды онлайн сервистер арқылы жалған аккаунт ашып, сатумен айналысып келген. Сонымен қатар, хакерлік шабуыл жасаған ұйымдар да анықталып жатыр. Ресми Facebook бұл іс бойынша АҚШ Жоғары сотына шағым жолдады.
2018 жылы қаңтар мен ақпанда Қытай билігіне тиесілі хакерлер тобы АҚШ әскери теңіз күштеріне қарасты сүңгуір кемелердің ұрыс тәсілдерін зерттейтін «Naval Undersea Warfare Center» орталығына шабуыл жасап, көлемі 614 гигабайттық құпия құжаттарды қолды еткен. Атап айтқанда хакерлер 2020 жылы АҚШ әскер теңіз күштерінің арсеналына енуі тиіс кемелерге қарсы қолданылатын дыбыстан жылдам зымырандардың құпия құжаттарын ұрлаған. Сонымен қатар, былтыр қытайлық хакерлер Құрама Штаттарының мемлекеттік құрияларын, NASA зертханасында сақталған әскери-теңіз күштері және энергетика министрлігінің мәліметтерін қолды еткен. Алайда, Бейжің бұл айыптарды негізсіз деп мәлімдеп отыр.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды