АҚШ президенті Дональд Трамп елін "әлемнің ең үздігі" болуы үшін, ядролық арсеналды кеңейткісі келетінін мәлімдеді. Бейсенбі күні Reuters ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Трамп Құрама Штаттардың ядролық қуаты түсіп кеткенін айтқан. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" хабарлап отыр.
Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы СНВ-3 деп аталатын стратегиялық шабуылдаушы қаруды он жылға қысқарту жөніндегі жаңа келісімде, келесі жылдың ақпан айынан бастап ядролық әлеуеттерін қысқарту көзделген.
Трамп СНВ-3 келісімін біржақты жасалған деп атады. «Бұл біздің елдің бекіткен кезекті нашар мәмілесі. СНВ болсын, Иранмен ядролық келісім болсын... Біз жақсы мәміле жасауға тырысамыз», - деді Трамп.
Трамп осының алдында 2015 жылдың шілде айында әлемдік держава мен Иран арасындағы "Тегеран ядролық бағдарламаны шектеген жағдайда, Иранға санкция алынатыны" жөніндегі жасалған келісімді бірнеше рет сынаған. Америка президенті сұхбатында Мәскеудің өз аймағында баллистикалық зымыран орнатқанын, мұның 1987 жылғы келісімге қайшы келетінін атап өткен.
«Мен үшін бұл маңызды келісім»,- деді Трамп. Ол егер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетін болса, бұл мәселені міндетті түре талқылайтынын жеткізді.
«The Qazaq Times»


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді