Александр Лукашенко алтыншы рет президент сайлауына қатысатынын айтты.
Наурыз айының 1-і күні Беларусь президенті Александр Лукашенко журналистер және қоғам белсенділерімен кездесу өткізде. Кездесу барысында ол алда келе жатқан президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады.
«Менің және мемлекеттің қазіргі жағдайына қарап, маған деген (халықтың –ред) қарым-қатынасына қарап, президенттікке міндетті түрде өз кандидатурамды ұсынамын» - деді Лукашенко.
Бұдан бөлек кездесу барысында Лукашенко жаңа Конституция қабылдау қажеттігін айтқан. Ол «атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарын күшейту керек» - деп есептейді.
Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді. Қазіргі бесінші президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталады. Бұған дейінгі 2001, 2006, 2010 және 2015 жылдардағы президент сайлауларының барлығында 75 пайыздан жоғары дауыс алған. Халық арасында Лукашенконың «Еуропаның соңғы диктаторы» деген атағы бар. Жалпы, ТМД аумағында Кеңестер одағы құлағалы бері билік басынан кетпей келе жатқан екі адам бар. Оның бірі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болса, екіншісі дәл осы Александр Лукашенко.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?