Қазақ ғылымында есімі алтын әріптермен таңбаланатын, тіл білімінің әйгілі ғалымы, академик Әбдуәли Қайдар дүниеден озды.
Қазақстан Ғылым ордасының тамыры терең бәйтерегінің бірі Әбдуәли Қайдар Қазақ ССР-ның Еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, түріктану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі.
Ғалымның қазасына орай барша қазаққа қайғыра көңіл айтамыз! Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын! Арттағы еліне береке, сабырын берсін!