Бүгін қазақ руханияты тағы бір марқасқа алыбынан айырылып отыр. Қазақ әдебиетінің бас сардары атанған, филология ғылымдарының докторы, академик Серік Қирабаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Серік Смайылұлы 1927 жылы наурызда Жаңарқа жерінде өмір есігін ашқан. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын 1951 жылы тамамдағаннан кейін, еңбек жолын Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында және «Әдебиет және искусстова» журналынан бастаған.
Кеңес одағы кезінде Қазақстандағы ең іргелі редакцияларда, «Пионер», «Социалистік Қазақстан» қатарлы басты басылымдарда редакторлық жауапты қызметтер атқарған Серік Смайлұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен, КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені, КСРОның «Халықтар Достығы» Орденімен марапатталған. Тәуелсіздіктен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1994), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (1996), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтарының иегері болған.
Орыны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туыс-туғанына, жанашыр жақындарына және тұтас Қазақ еліне редакция атынан қайғыра отырып көңіл айтамыз! Марқұмның жаны жәнатта, топырағы торқа болғай!

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес