Таяуда АҚШ пен КХДР-ның президенттері Вьетнам астанасы Ханойда кездеспек. Қос басшы да бұл жиыннан өз ұпайын түгендеуді көздеп отыр.
Осы орайда КХДР-ның көшбасшысы Ким Жоң Ыңға ұқсас аустралиялық актер Говард Эксте Ханой аймағына келіп, қарапайым Вьетнам тұрғындарын таңғалдыруда.
Қазіргі таңда мұның қандай жоспарда орындалып жатқандығы тек актердің ғана ойында. Алайда, тұрғындар арасына шығу әрқашан жарқын әсер сыйлайды дейді Экс актер.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Говард Экс Сингапурде өткен АҚШ пен КХРД арасындағы алғашқы саммитке де барған болатын.
Актердың сөзінше, Вьетнамға сапары кезінде әуежай қызметкерлері оның саяси көзқарасы туралы сұрақтың астына алып, жүк тиелген сөмкесін тексеріп, екі сағаттай ұстаған екен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы