Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп Сүрия мәселесін талқылады.
Ақпан айының 21-і күні Ердоған мен Трамп тедефон арқылы сөйлесіп, Сүрия мәселесі мен аймақтан АҚШ әскерін шығару жөнінде пікір алмасқан. Келіссөз барысында қос тарап Сүрия мәселесін бірлесіп шешуге және аймақтан АҚШ әскерін шығару барысында екі жақтың да мүддесі ескерілуі керектігін айтып, аталмыш бағытта тізе қосып қимылдауға уағдаласқан.
Бұдан бөлек Түркия басшысы алдағы уақытта Уашингтонмен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айтқан. Ал өз кезегінде АҚШ президенті екі ел арасындағы тауар айналымын 75 миллиард долларға жеткізу жоспарында бар екендігін жеткізген.
Бұған дейін Режеп Тайып Ердоған «АҚШ президенті Сүриядан әскерін шығару арқылы өз уәдесінде тұрады деп үміттенемін» - деп мәлімдеген. Осыдан кейін АҚШ қарулы күштерінің орталық басқармасының басшысы Жозеф Вотел «Қазір Пентагон Сүриядан әскери техникаларын шығаруда. Бұл бірнеше апта уақыт алуы мүмкін» - деген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?