Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Назарбаев: «Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты болды. Бұл, әрине, сөзсіз сәтті жағдай. Бірақ бұл қазіргі уақыт үшін жеткіліксіз. Менің бастамаммен іске асқан «Үшінші жаңғыру» мен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жобасы құрылымдық реформаларды жедел жүргізуге бағытталған болатын. Бес институционалдық реформаны толық іске асыру экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін төмендетуі, банктерді «тазартуы», соттар мен құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруы тиіс еді. Бірақ, көптеген заңдардың қабылдануына қарамастан, экономиканың әр бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеген. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп экономиканың сапалы өсуі үшін нақты ынталандыру жұмыстары мен құралдарды толық көлемде құра алмады. Көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелер жоқ. Әсіресе ауылдық жерлерде өнімді жұмыс орындары жеткіліксіз.
Екі жыл бұрын біз конституциялық реформа жүргіздік. Барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, оның ішінде индустриялық, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау және білім беру. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар бөлінді. Алайда, жүйелі жұмыс әлі де жасалмаған. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар арнайы көмекпен қамтылмаған. Бұл жағдайда, Үкімет отставкаға кетуі тиіс деп есептеймін», – деді.
Сондай-ақ, мәлімдемеде «Нұр Отан» партиясының таяудағы съезінде әлеуметтік қолдауды күшейту және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар ұсынылып, оған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінетіні айтылған. Қаражат аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үй жағдайын жақсарту және өңірлерді дамыту саясатының елеулі өзгеруі үшін бағытталмақ.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр