Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-пен арадағы зымыран келісімінің ескіргендігін мойындады.
«Иә, шын мәнінде аталмыш келісімге қол қойылған 1987 жылдан бері әлем өзгерді. Көптеген елдер қаруын дамытты және бұнысын жалғастыруда. Ал Ресей мен АҚШ өз-өздерін келісім бойынша шектеп келді. Бұндай жағдайдан кейін, көптеген сұрақтар туындайды. Бірақ америкалық әріптестеріміз ойдан шығарылған Ресейді айыптаулар арқылы келісімнен шыққанша, бірден айтулары керек еді. 2002 жылдағыдай болса, әділ болар еді. Зымыранға қарсы қорғаныс келісімінен әділ шықты ғой» - деп мәлімдеді Путин Федералды жиында жасаған жолдауында.
Естеріңізге салайық, 1 ақпаннан бастап АҚШ Ресеймен арадағы қысқа және орташа қашықтықтағы зымыран келісімін 6 айға тоқтататынын мәлімдеген. Уашингтон өзінің бұндай қадамға баруын 9М729 зымыранымен байланыстырған. Ақ үй Мәскеуге аталмыш зымыранның көзін жою керектігін айтып талап қойған. Бірақ Ресей тарапы АҚШ-тың бұл талабына жауап ретінде зымыран келісімін 6 айға тоқтататынын айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?