«Ақбөкендердің жаппай қырылу себебін таба алмадық». Бұл – мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың сөзі. Аталған сөз ҚР Парламент Мәжілісінде браконьерлікпен күрес мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелі» үстінде айтылды. 

Әуелі  мәжілісімен жиында маңызды мәселе көтеріліп отырғанын айта келіп: «Біздің ғылыми-зерттеу институттарымыз қайда? Зоология институты не істеп отыр?» деп бір шүйлікті. Сөйтті де сөзін бірден мойындау әлпетіндегі сөзге ауыстырды:

–       Біз әлі күнге дейін 200 мың ақбөкеннің неден қырылғанын таба алмай отырмыз. Мен Үкіметте жұмыс істегенде біреу тұрады да, ақбөкендер пастереллезден қырылып қалды дейді. Екіншісі тағы бір себебін айтады. Бірақ әлі күнге дейін нақты жауап жоқ, – деді В. Божко.

Осылайша, айдың-күннің аманында жүз мыңдап құрып кеткен ақбөкеннің қырылу себебіне нақты жауап табылмағанын тарыға мойындаған мәжіліс төрағасының орынбасары, жайықта жаппай қырылып жатқан  бекіренің ол жерде қайтып көбейетініне де күмәнмен қарайтынын жеткізді.

–       Каспийде көксерке неге қырылып жатыр? Қазір Жайық жақта екі шаруашылықта бекіре балықтары қырылып қалды. Өзенде мұздың астында өлі балық қалқып жүр. Бірақ бәріміз үн-түнсіз отырмыз. Кәдімгідей тыныштық. Төрт ай өтті. Бірақ себебін ешкім білмейді. Балық кімнің кесірінен уланды? Енді ол жерде бекіренің көбейетініне күмәнім бар, – деді ол.  

Күмәнді айтпақшы, бұл бір адамның сенімсіздігі деңіз. Ал халықтың күмәні ше: ақбөкен қырылды – жауапсыз төрт жыл өтті. Бекіре қырылды – ләм-мимсыз тағы төрт ай артта қалды. «Кәдімгідей тыныштық». Сосын да мәжілісіменнің әуелгі сұрағын сіз де еріксіз қайталайсыз: біздің ғылыми-зерттеу институттарымыз қайда? Зоология институты не істеп отыр?

“The Qazaq Times”