АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео кезекті Еуропа сапарына аттанбақ. Бұл сапарында Помпео Мажарстан, Словакия, Польша және Исландия қатарлы еуропалық елдерге бармақ. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің жазбаша мәлімдемесінде белгілі болды.
Помпеоның кезекті сапары 11 ақпан күні Мажарстаннан басталмақ. Будапештте Мажарстанның премьер-министрі және өзгеде жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі. 12 ақпан Словакия президентімен кездессе, сол күні Варшаваға сапарлап, Польша үкімет басшыларымен кездесу өткізеді.
Бұдан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Польшадан аттанғаннан кейін, Брюссельде Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі комитетімен Венесуэла мәселесін талқыға салатын болады.
Еуропадағы 4 күндік сапар Исландиядан аяқталады. Помпеоның кезекті Шығыс Еуропа елдеріне сапары Ресей мен Еуропа қатынасы және өңірдегі қауіпсіздік мәселелер, АҚШ-тың аймақтағы ықпалы туралы жаңа өзгерістердің нышаны деуге болады. Сондай-ақ, Брюссельде Венесуэлаға бірқатар Батыс елдерінің ортақ қадам жасауын талқылауы мүмкін.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер