Түрлі оқиғалардан кейін іске кірісетін министрлік бұл жолы да өз әдетінен жаңылыспады. Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің қайғылы қазасынан кейін, броконьерлердің деректер базасын құруды алға тартқан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның алқа отырысында осындай мәлімдеме жасады.
«Броконьерлер мен қылмыскерлердің базасын жасауды ұсындық. Бұл база ІІМ болады. Осындай жолмен деректер базасын жабдықталған машиналары бойынша жасау қажет. Машиналар күрделі жол жағдайында қозғалуы үшін жабдықталады. Жол жоқ жерлерді белгілі бір мақсатпен кесіп өтеді. Мақсат – броконьерлік екенін біз жақсы білеміз», - деді Нысанбаев.
Осыдан біраз уақыт бұрын мәжіліс депутат Роман Ким ІІД мен Бас прокуратураның тергеу жұмыстары өте төмен дәрежеде екендігін айтқан болатын. Депутаттың мұндай мәлімдеме жасауының өзіндік себептері де бар. Өйткені, 2016 жылы Қарағанды облысында қылмыскерлер инспекторға пышақ ұрып жаралаған болатын. Алайда, бұл оқиға процессуалды қалыпқа сай келмейді деген желеумен тоқтаған еді.
Сондай-ақ, 2017 жылы Қорғалжың ауданында броконьерлар инспекторды қарумен қорқытып, өз үстемдіктерін жүргізгісі келген. Бірақ, бұл іске қатысы бар адамдар қылмыстық жауапкершілікке әлі де болса тартылмаған.
Бұл БАҚ беттеріне шыққан оқиғалардың бір бөлігі ғана. Ал, табиғатты қорғау жолында қаншама инспектордың назардан тыс зәбір көріп жүргендігі беймәлім. Себебі, қазақстанның барлық аймағында броконьерлік қылмыстың белең алып тұрғандығы белгілі. Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау мақсатында, қызыл қанға боялған азаматтарды қорғап, қылмыскерлерге деген жаза қатаң болмаса, онда табиғатты қорғап қалу деген ұран жәй ғана кітап бетінде жазылып қалатындығы белгілі.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?