Британияның Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде, 6 жыл бұрын өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған террорлық ұйым жағынан барымталанған британдық журналист тірі болуы мүмкін деп хабарланды. Бұндай мәлімдемені Британия ішкі істер министрінің орынбасары Бен Уоллес жасаған болады.
2012 жылы Сүрияда тілшілік сапармен жүрген британдық фото тілші Жон Кэтли террорлық топ жағынан барымталанған. Кейін «Еркін Сүрия армиясының» көмегінде қарулылардың қолынан бір рет қашып шағады, алайда, сол жылдың соңында Сүрияға екінші рет жасаған сапарында қайталай тұтқынға түскен. 4 жылдан кейін «Ислам мемлекеті» ұйымы Кэтлиді түсірген видеоны интернетке жариялаған. Видеода ол өзін «Ислам мемлекеті» ұйымның қолындағы соңғы тұтқын екенін айтқан.
Оның тірі екендігі туралы хабар Батыс елдеріне тосын жаңалық болды. 2017 жылы Ирак армиясы Мосул қаласын қайтарып алғаннан кейін, журналист Кэтлидің қаза тапқаны туралы хабар тараған.
Францияның Paris Match атты басылымы журналист Кэтлидің тірі екені туралы алғаш мәлімет таратты. Аталған басылым бұл мәліметте «ИМ» тобының мүшесінен алған. Қарулы топтың аты-жөнін білдіргісі келмеген бір мүшесі осыдан 7-8 ай бұрын британдық журналисті көргенін, оның «Ислам мемлекеті» ұйымына қызмет істеп жүргенін айтқан.
Оның тірі екені туралы хабарды биыл жыл басында Сүриядағы оппозиция күштері де айтқан. Олар журналист Кэтли Сүрияның оңтүстік-шығысындағы Хажин қаласында жүрген болуы мүмкін деп болжаған.
Осы ақпараттардан кейін Жон Кэтлидің тірі болуы мүмкін екенін Британияның ІІМ-і де ресми хабарлады. Батыс ақпарат құралдарын осыған дейін журналистің террорлық топта қандай жұмыс атқарғанын, егер оны Британияға қайтарған жағдайда «Ислам мемлекеті» ұйымның жұртқа беймәлім сырлары ашылуы мүмкін деген мәселелер көбірек қызықтыруда.