АҚШ Орталық Азия елдерінің Ресейден қару-жарақ сатып алуын тоқтатуға ұмытылады.
Ақпан айының 5-і күні АҚШ Конгресінің қарулы күштер мәселесі бойынша комитет отырысында АҚШ қарулы күштері орталық басқармасының басшысы Жозеф Вотел Орталық Азия елдеріне қатысты мәлімдеме жасады.
«Біз Орталық Азия елдерінің Ресейден қару-жарақ сатып алуын тоқтатқымыз келеді. Бірақ АҚШ әскери құрылғыларының қымбаттығы Қазақстан сияқты елдерге алдағы уақытта да үлкен проблема болып қала бермек. Өзбекстан сатып алуға мүдделі АҚШ техникалары мен құрылғыларының тізімін жасады. Бұл Өзбекстанды Ресей нарығынан өзге бағытқа алып кететін мүмкіндік» - деді Вотел.
Бұдан бөлек ол: «Біз Мәскеудің өз әскери базаларын күшейтіп жатқанына қарамастан Тәжікстанмен әскери қарым-қатынас орнатуымызды жалғастырып жатырмыз» - деп мәлімдеді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды