АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы алдағы күндері өзге де мемлекеттерге кері ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының мәлімдеді.
БҰҰ юнктад өкілі Памела Коук-Хэмилтон: «Американың қытайлық тауарларға қарсы енгізген кедендік салығы Қытайды қаржылық дағдарысқа әкелді. Егер наурыз айында тарифтер тағы 25%-ға артса, Қытаймен сауда тіптен шектеліп, өзге мемлекеттердің бәсекелестігі артады», – дейді.
Қос ел байланысына сызат түсірген сауда соғысы бірнеше уақыт бойы әлемдегі күрделі мәселге және шетелдік ақпарат кеңістігінің басты тақырыбына айналды.
Екі ел қарым-қатынасы халықаралық саудадағы маңызды саяси өзгерістердің бірі. Осыған дейін Уашингтон Қытай импортына 200 миллиард тариф салды. Сол кезден бері Бейжің Бүкіләлемдік сауда ұйымына қарсы шағым түсірген. Демек, Американың тауарларына 60 млрд доллар көлемінде тариф қосылады. Қытай тарапы АҚШ импорттайтын бес мыңнан астам тауарларға 10% баж салығын төледі. Аталған мәселеге қатысты Американың сауда министрі Уилбур Росс «Bloomberg» агенттігіне берген сұхбатында қаңтардан бастап қытайлық тауарларға қарасты тарифтер пайызының артып, «бұл елдің осы уақытқа дейінгі жасырын, Ресеймен байланыс және адам құқықтарын таптау сынды әрекеттеріне қарсы» бағытталатынын айтқан болатын. Былтыр Ақ үйдегі экономикалық кеңестің төрағасы Кевин Хассет «Қытайдың іс-әрекеті дүниежүзілік сауда ұйымына мүшесі болуға лайық еместігін көрсетті. Сондықтан оны мүшеліктен шығарып тастауды қарастыру керек», – деді. Бұл пікірге ҚХР СІМ өкілі Гэн Шуан: «ДСҰ – жан-жақты құрылым, сол себепті бұл пікір дұрыс емес деп есептейміз», – деп жауап берген.
Соңғы бірнеше он жылда дамыған елдер өнеркәсіптік экономикадан сервистік экономикаға өткен соң, сауда соғысының салдары екі ел экономикасына да зор көлемде әсер етті. Мәселен, 2017 жылы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тапшылығы 375 млрд АҚШ долларына жеткен. Сол жылы Американың қызмет көрсету, яғни банк, қаржы, туризм бойынша экспорттық жалпы көлемі 242,7 млрд. АҚШ доллары болды. Мәліметтерге сүйенсек, жалпы қызмет көрсету саласы АҚШ экономикасының 90 пайызын құрайды. Ал Қытайдың қызмет көрсету саласының жалпы құны бұнымен салыстыруға келмейді.