Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова ауырып қалды.
Астана қаласында өткен үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова Мадина Әбілқасымованың сырқаттанып қалғандығын айтты.
«Министр өткен аптадын бері ауырып жатыр. Ол кеше өзі барып, қара жамылған отбасына көңіл айтты. Аталмыш отбасына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бұған дейін екі мәрте барған. Олар (отбасының – ред) қандай жағдайда екендігін көрді. Олар әлеуметтік қорғау органдарын бұл жөнінде ақпараттандырулары тиіс еді» - деді Жақыпова.
Бұған дейін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астана қаласының Көктал ауданыда болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.
Осы тұста айта кететін бір жайт, былтыр Алматы қаласында болған мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің өлімі кезінде дәл осы Қалмұханбет Қасымоватың өзі де уақытында халық алында шықпаған. Ол кезде де орынбасарлары Қасымов мырзаның қызметтік сапармен шетелге кеткендігін айтқан. Жалпы, Қазақстанда қандай да бір оқиға болғанда тиісті ведомства басшыларының оқиға орнына барып, жағдаймен танысуы, халықты уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етуі өте сирек.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?