Ұлыбританиядағы Нортумбрий университетінің ғалымдары 10 жылдан кейін Жер бетінде ғаламдық салқындау болады деген болжам жасады. Олар мұны Күнде болатын математикалық процестердің негізінде анықтаған. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлайды.
Жер бетінің күр сууы, шамамен, 2022 жылдары басталады. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай суыну XVII ғасырларда болған.
Жер бетіндегі жылуды бөлуші ретіндегі басты реттеуші – Күн сәулесі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Планетамыз бен Күннің арасы қатты жақындап кеткендіктен ғаламдық жылынуға әкеп соққан. Ал енді, ғалымдар бұл ара қашықтықтың алыстап бара жатқандығын және мұның ғаламдық сууға апаратындығын жеткізіп отыр.
Яғни, XVII ғасырдың басында Еуропада болғандай, 10 жылдан кейін Жер бетіндегі тіршілік иелері үшін ғаламдық суыну басталады.
Бұған дейін америкалық астрофизиктер Жердегі бүкіл тіршілік иелері 30 жылдан кейін жойылады деген болатын. Зерттеуші ғалымдар осы деректі де Күннің белсенділігімен байланыстырып отыр.
Сонымен қатар, бұл деректерді есептемеген күннің өзінде, батыс елдеріндегі барлық ғалым-зерттеушілер 2075 жылға қарай ядролық соғыстан, пандемиядан, роботтардың шектен тыс көбейюінен, астероидтың құлауынан және жанартаудың атқылауынан тіршілік жойылады деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан ертеректе әлемге танымал физик Стивен Хокингтің, "Ақырзаман алдағы мыңжылдықта болады" деген болжамын айтқан болатын
«The Qazaq Times»