АҚШ-тағы «шатдаун» сәуірге дейін жалғасуы мүмкін. Бұл туралы «Washington Post» басылымы хабарлады.
Осы аптада Демократиялық партия өкілдері Ақ үйге үкімет жұмысын жалғастыру туралы ұсыныс білдіріп, хат жолдаған. Алайда, АҚШ Сенаты демократтардың бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартты. Егер Құрама Штаттары мен Мексика арасындағы шекара қабырғасын тұрғызуға қаржы бөлінбесе, елдегі «шатдаун» сәуірге дейін жалғасады.
20 қаңтарда АҚШ Конгресіндегі демократтар президент Дональд Трамптың федералдық үкімет жұмысын жандандыру мәселесі туралы ұсыныстарын қабылдаудан бас тартқан болатын. Сол себепті қос тарап ортақ келісімге келе алмай, мемлекеттік бюджет бекітілген жоқ.
Алдағы уақытта Трамп демократиялық партия өкілдерін Ақ үйге шақырмақ. Кездесу арқылы тараптар заңсыз көші-қонды, есірткі ағынын тоқтату және гуманитарлық дағдарысты тоқтату үшін шекарадағы металл кедергінің құрылысын қолдауды талқылайды. Ал өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен Сенаттағы демократия көшбасшысы Чак Шумер Трампқа алдымен шатдаунды тоқтатып, қабырға құрылысы бойынша дебат өткізу туралы ұсыныс білдірді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі