Ауғанстанда 20 шілде күні өтетін президенттік сайлауға кандидаттар тіркеу мерзімі аяқталды. 20-шы қаңтар күні аталған лауазымға ең маңызды үміткерлер Ашраф Ғани мен билік өкілі Абдулла Абдулла өзінің қатысатындығын мәлімдеп тізімге тіркелді. Бұл туралы tolonews хабарлап отыр.
Негізінен кандидаттарды тіркеу науқаны 3 қаңтар күні басталды. Сондай-ақ аталған шешім шықпай тұрып, Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясы президенттік сайлау күнін 20-шы сәуірден, 20-шы шілдеге ауыстырғандығын мәлімдеген болатын. Халықаралық сарапшылардың сөзінше, ауған билігінің мұндай қадамға баруына АҚШ тарапынан жасалып отқан қысым әсер еткен. Себебі, америкалықтар сайлауға дейін Талибан қозғалысымен бейбіт келісімге келуді ойластырып отырған көрінеді. Бұған дейінгі сайлауларда да дәл осы жолды ұстанып, ешқандай қайғылы жағдай мен бүліктің болмауы үшін әрекет еді.
Екі аптадан астам уақыт жүргізілген тіркеу кезінде 15 азамат өзінің кандидатурасын ұсынған. Шет елдік сарапшылар оның ішіндегі ең маңызды әрі үздіктері Ғани мен Абдулла екендігін жарыса жазуда. Себебі, Ауғансатанның қазіргі президентін қолдайтындар көп. Сондай-ақ, Абдулла да 2009 және 2014 жылдары президенттік сайлауға түскен болады. Қазіргі таңда тұрғындар арасында беделі қалыптасқан басшы ауған елінің келесі президенті болуы мүмкін деген қауесеттер де бар.