Тәжікстанда жасы 60-қа жетпей сақал қойған азаматтарға шетелге шығу төлқұжаты берілмейтін болды. Қазіргі таңда Тәжікстанның Виза және тіркеу бөлімі аталған тапсырма бойынша жұмыстарын бастады.
Алайда, биліктің шығарған мұндай шешіміне қарсы болған кейбір тұрғындар, қойған сақалдарымен қоштасудан гөрі, төлқұжаттан бас тарту тиімді шешім деп отыр.
Шағымдарын айтқан көпшілік негізінен бұл жағдай қажылық сапар кезінде біршама қиындықтар туғызатындығын атап өтті. Себебі, діни жолға түсіп шариғат заңы бойынша сақал қойғандардың Меккеге сапарына шетелге шығу төлқұжаты қажет. Ал, ұзақ жылдан бері өсіріп келген сақалды бір мезетте жоқ қылуға көбісі асығар емес.
Ал, Тәжікстан билігіндегілер мұндай шешімнің шығуы елдегі террорлық әрекеттердің алдын алуға байланысты деп нақты жауап берді. Шыққан заңға байланысты тәжік ұлтының әрбір азаматы енді шетелдік төлқұжат алу үшін сақалдарын қиып баруы абзал.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Тәжікстанның Хатлон облысында 13 мыңнан астам адамның сақалы қиылған. Әрбір азаматтың нақты бейнесіне көз жеткізіп, саусақ іздерін алған тәжікстан тәртіп сақшылары, аймақтағы бөгде адамдар мен террорлық ұйымның өкілдерін қарастыру мақсатында осындай қадамға барған екен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді