Қырғыз тілін жақсы меңгерген түлектердің 2019 жылдан бастап ЖОО түсу мүмкіндігі артпақ. Бұл туралы Қырғызстанның білім министрлігінің баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.
Қырғыз министрлігнің мәліметі бойынша, 2019 жылдан бастап абитуриенттер арасында еркін тестілеу өтетін болады. Қырғыз мектептерінде білім алып отырғын оқушылар өздерінің білім деңгейін көрсетіп, қырғыз тілінен В1 дәрежесінен төмен бал алмауы тиіс. Барлығын сәтті тапсырған түлектер ЖОО-дағы әрбір мамандыққа берілген грантқа қол жеткізуге бір табан жақын болады.
Жаңа жүйе бойынша, егер қос абитуриенттің балы бірдей болып грантқа таласса, онда қырғыз тілінен жақсы тапсырған түлек арнайы сертификаттың арқасында грант иегері атана алады.
Қырғыз тілін мемлекет ішінде көтеруді қолға алған білім министрлігінің мұндай жүйесі көптеген айыр қалпақты елдің тұрғындарына жұбаныш болып отыр. Әйтсе де, өзге де орыс, өзбек, тәжік тілінде еркін сөйлеп, қырғыз тілін меңгермегендер тиісінше бір саты төмен тұратындықтарына наразы. Бірақ, қырғыз билігі осы арқылы тілдің қайтадан кеңінен қолданысқа енуіне септігін тигізуге болады деп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай жүйені Қазақстанның білім министрлігі де енгізген болатын. Алайда, қазақ тілін білгендердің үстемдігін арттырудың орынына, ауылдан шыққан түлектерге басымдылық берген.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр