Сәрсенбі күнгі үкімет отырсында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 104 оқушыдан короновирус анықталғанын хабарлады.
Минстр жаңа оқу жылында 104 жеткіншек КВИ жұқтырғанын, оның 33-і кезекші сыныптардан екенін жеткізді. Сондай-ақ, науқастанған оқушылар 550-ден астам адаммен байланыста болған. Әзірге оның жетеуінен вирус табылған.
Сонымен қатар, қашықтан білім алып жатқан 71 баланың бойынан ковид инфекциясы ПТР тесті арқылы расталған. Ресми дерекке қарағанда, үйден онлайн оқитын жас пациенттермен 240 адам қарым-қатынаста болған. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, оқу жүйесі қашықтан білім беру әдісінде жүрмегенде жағдай бұдан да нашарлап, вирус жұққандардың қатары шамамен 1,5 мыңға жетер еді-міс.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істейтін 7428 мектепте 3,47 млн оқушы білім алады. Пандемия жағдайына байланысты 625 мың оқушы кезекші сыныптарда, яғни мектепке барады, ал 2,85 млн оқушы қашықтан оқып жатыр.
Журналистердің алдына шықпағанынан айдан асқан Алексей Цой үкімет басшысының алдында ұзағынан сөйледі. Ол карантин шаралары жеңілдеген бойда заңсыздықтар көбейгенін, көптеген азаматтар медициналық бетпердені тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамауының салдары бүгінгі Еуропаның ахуалына алып келуі мүмкін екенін ескертті.
Мемлекеттік тілде тек амандасып-қоштасатын министр орысша мәлімдемесінде 5-27 қыркүйек аралығында крантин режимін бұзған 1131 адамның жауапқа тартылғанын айтты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы