Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян Қарағандыдағы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Пашинян өз сөзінде: «Марқұмның жақындарына көңіл айтамын. Бұл оқиғада ұлтаралық қақтығыс болды дей алмаймын. Себебі, төбелескендер бір ғана емес, әр ұлттың өкілі болған. Олардың арасында қазақ та болған. Сондықтан да бұл төбелесте ұлтаралық араздықтың болмағанын тағы да қайталаймын» –деді. Сондай-ақ Пашинян Армения басылымдары аталған оқиғаға байланысты ақпарат таратқанда барлық фактіні жіті тексеру туралы ескерту айтты.
7 желтоқсанда Армения депутаты Қарағандыда орын алған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасап, Қазақстанның Армениядағы елшісін түсініктеме беруге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтар Қарағанды қаласындағы «Ежелгі Рим» мейрамханасында армян этносы өкілдері мен қазақтар арасында болған кикілжің салдарынан бір адам көз жұмып, үш адам жарақат алған. Кейіннен осы оқиғаға қатысы бар 8 адам ұсталып, негізгі күдікті Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған. Оқиғадан соң 6 қаңтарда Қарағандыда жүздеген адам биліктен кінәлілерді табуды талап етті.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы