Татарстан Ресей Федерациясындағы маңызды экономикалық аймақ ретінде шетелдік капитал үшін «тартылыс орталығы» болуды жалғастыруда деп хабарлап отыр «Анадолы» агенттігі.  Татарстан Даму агенттігінің өкілдері республикада ай сайын орташа 15 жаңа халықаралық серіктестік құрылғанын мәлімдеді.

Бір ғана 2016 жылдағы шетелдік инвестицияның Татарстан экономикасына қосқан үлесі – 422 миллион доллар болып отыр. Даму агенттігі директоры Талия Минуллина, Татарстанға инвестиция салатын Түркия, Германия, АҚШ, Қытай, Франция және Чехия сынды 40-тан астам елмен жақын ынтымақтастық орнатқандарын мәлімдеді. Ол сөзінде:  «Татарстан 2016 жылдың алғашқы ширегінде күтілгеннен ойлағанымыздан да көбірек инвестиция тартылды. Санкцияның ешкімге пайда әкелмейтінін барлығы біледі.  Біз барған елдер бізді жылы қабылдайды. Біз де оларды жылы қарсы аламыз», – деді.

Татарстанда 20 ірі қала бар, соның ішінде 6 қала федерация билігінде. Ресейге салынған санкциялардың ауыртпалығынан құтылу үшін, республика ретінде шетел инвестициясын тарту жоспары Волга экономикалық аймағының  дамуына үміт шырағын жақты. Қытай, Түркия және ТМД аймақтарымен орнатқан сауда-байланыс Татарстан экономикасына ілгерлеушілік беріп отыр. Алайда, жалпыресейлік экономиканың төмендеуінің әсерінен айналып өту қиын. Шетел инвестициясын тарту Татарстанды Ресейдің өңірлік өнім мөлшеріндегі 6-шы орыннан 4-ші орынға көтерген. Өнім өндіру 9 млрд рубльден 13 млрд рубльге өскен.

Қазір Татарстанның 6 экономикалық аймағының тартқан инвестиция көлемі Ресей инвестиция көлемінің алдынғы қатарға өтіп отыр. Ресей өзіне түскен санкция салмағынан республикалардың жекелей инвестиция тартуына жол беруден басқа шарасы жоқ. Осыған қарағанда Ресейге салынған санкциялар артқан сайын, құрамындағы республикалардың дербестенуіне жол ашуы мүмкін.

“The Qazaq Times”