Татарстан президенті Рустам Минниханов бүгін мектептегі атысқа байланысты 12 мамыр қаралы күн деп жариялады.
Қазір Қазан қаласында контртеррористік операциялар режимі орнаған. Білім беру мекемелерінің барлығында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ресми мәлімет бойынша, Қазандағы 175-мектептегі атыстан 9 адам қаза болған. Тағы 16 адам жарақат алған. Бұған дейін ресейлік ақпарат көздері 11 адамның көз жұмып, 30 адамның зардап шеккені жайлы хабар таратқан болатын.
Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Миннихановтан бөлек, денсаулық сақтау министрі Марат Садыков және аймақ прокуроры Илдус Нафиков барған.
Мектепке шабуыл жасаған адам дәл осы мектептің түлегі Ильназ Галявиев есімді 19 жастағы жасөспірім болып шықты. Қазір Қазандағы университеттердің бірінде 4-курста оқиды. Бұдан бөлек ол жуырда телеграм әлеуметтік желісінде арна ашып, адам өлтірумен байланысты бірнеше жазба жариялаған.
Елдегі жағдайға байланысты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Қазан қаласына ұшып шықты. Оның бортында атыстан зардап шеккендерге көмек көрсететін дәрігерлер мен психологтар бар.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы